Мойзе Кин «Ювентус» ойыншысы атанды

31.08.2021, 19:01
Аллегри бұл жігіттің әлеуетін жақсы біледі.
Мойзе Кин «Ювентус» ойыншысы атанды

"Ювентус" Италия қүрамасының шабуылшысы Мойзе Кинмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Туриндік клуб "Эвертон" шабуылшысын екі жылға жалға алғаны үшін 7 миллион еуро төлейді. Ал жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін футболшыны 31 миллион еуроға сатып алуға құқығы бар.

Еске салайық, Кин "Ювентус" сапындағы дебюттік матчын 2016 жылы, осы жазда клубқа оралған Массимилиано Аллегридің қол астында өткізген болатын. 2019 жылдың жазында Кин "Эвертонға" ауысты, ал өткен маусымда ол ПСЖ-да жалдау шарты бойынша ойнады. Француз клубы ойыншыны сатып алғысы келді, бірақ Лионель Мессидің трансферінен кейін бұл ойынан айнып қалды.

Өткен маусымда Мойзе Кин ПСЖ үшін барлық турнирлерде 41 кездесуге қатысып, 17 гол соққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×