«Тоттенхэм» «Барселона» қорғаушысын сатып алды

31.08.2021, 16:02
Футболшы каталондық клубқа осы жазда ғана қосылған еді.
«Тоттенхэм» «Барселона» қорғаушысын сатып алды

«Барселона» қорғаушысы Эмерсон «Тоттенхэм» клубына ауысады. Бұл туралы италиялық инсайдер Николо Скира өзінің твиттер парақшасында хабарлады.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, каталондық клуб 22 жастағы футболшыны 30 миллион еуроға сатады. Бразилиялық футболшы лондондық клубпен 2026 жылға дейін келісім-шарт жасасады, ал оның жылдық жалақысы 3 миллион еуроны құрамақ.

Эмерсонды «Барселона» 2019 жылдың қаңтарында «Атлетико Минейродан» 12 миллион еуроға сатып алған. Бірақ «Бетис» клубы бразилиялықты екі маусымға жалға алды. Өткен маусымда қорғаушы 38 кездесу өткізіп, екі гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×