
Marca басылымының мәліметінше, оған аты аталмаған бразилиялық клубтан ұсыныс түскен.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл команда португалиялық футболшыға нарықтағыдан жоғары қаржылық шарттар ұсынып отыр. Сонымен қатар, мәмілеге үшінші тарап — инвесторлар да қатысуы мүмкін. Егер Роналду бұл ұсынысты қабылдаса, ол клубтық әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Қазіргі таңда «Әл-Наср» клубы мен 40 жастағы футболшы келісімді ұзартудың маңыздылығы туралы екіұдай пікірде. Бұған себеп — Роналдудың командадағы кезеңінде айтарлықтай табыстарға жете алмауы.
2025 жылғы клубтық әлем чемпионатына қатысатын Бразилия командалары: «Палмейрас», «Фламенго», «Флуминенсе», «Ботафого».
Біздің серіктес: FONBET