
TEAMtalk басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың «Интер Майами» клубы 37 жастағы аргентиналық шабуылшы Анхель Ди Марияны өз қатарына қосуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Ди Мария «Бенфикадан» кететінін ресми түрде мәлімдеген болатын.
Ақпаратқа сәйкес, америкалық клуб аргентиналық футболшымен келісімшартты 24 шілдеге дейін (АҚШ-тағы жазғы трансферлік терезе ашылғанға дейін) жасауға ниетті. Клуб басшылығы Ди Марияның «Интер Майамиде» Лионель Мессимен бірге ойнағанын қалайды. Екеуі 2022 жылы Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионы атанған.
Биылғы маусымда Ди Мария барлық турнирлерде 39 матчқа қатысып, 15 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны — 3 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET