
Лионель Месси футбол тарихындағы ең танымал дуэльдердің бірі – Месси мен Роналду арасындағы ұзақ жылдарға созылған бәсеке туралы пікірін білдірді.
“Бұл біз үшін де, жанкүйерлер үшін де өте керемет кезең болды. Біз бір-бірімізді қайрадық, себебі екеуміз де бәсекеге өте қабілетті едік. Ол да мен сияқты бәрін ұтып алғысы келетін. Біз жасаған нәрсе – өте мақтауға тұрарлық. Айтылып жүргендей, биікке шығу оңай, бірақ сонда қалу – қиын. Біз 10-15 жыл бойы ең жоғары деңгейде өнер көрсеттік. Бұл – бәріміз үшін жақсы естелік болып қалды.” – деді ол.
Біздің серіктес: FONBET