"Интердің" жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен қысқы трансферлік кезеңде командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Libero.
Италиялық басылымның хабарлауынша, Еуропаның ірі клубтары 28 жастағы даниялық футболшыны өз қатарында көргісі келеді. Футболшыға ПСЖ, "Реал Мадрид", "Бавария", "Милан", "Тоттенхэм" және "Боруссия Дортмунд" қызығушылық танытып отыр.
Эриксен "Интерге" өткен қыста "Тоттенхэмнен" ауысты, италиялық клуб ол үшін шамамен 20 миллион еуро төледі. Эриксен төрт жарым жылдық келісімшартқа отырған, бірақ негізгі құрамның ойыншысы бола алмады. Футболшы бапкердің өзіне сенбейтінін түсінген секілді.
Кристиан "Интер" үшін 33 матчта төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET