Кристиан Эриксен «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

16.07.2022, 01:12
Даниялық футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде қосылды.
Кристиан Эриксен «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атанды

«Манчестер Юнайтед» ресми сайтында даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эркисенмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

30 жастағы футболшының «қызыл сойқандармен» келісім-шарт мерзімі 2025 жылдың жазына дейін есептелген.

Естеріңізде болса, Эриксеннің Еуропа чемпионатында Финляндия құрамасымен болған матч кезінде жүрегі тоқтап қалған болатын. Осыдан кейін Эриксен кардиовертер-дефибриллятор құрылғысын пайдалануға мәжбүр болды. Бірақ Италияда мұндай құрылғылармен жұмыс істеуге қатаң түрде тыйым салынған. Осыған байланысты даниялық футболшы А сериясында өнер көрсете алмай, «Интермен» келісім-шартын бұзды.

Эриксен өткен маусымды «Брентфордта» өткізді. Жартылай қорғаушы англиялық клуб үшін 11 матчта 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×