Рафинья «Барселона» ойыншысы ретінде таныстырылды

16.07.2022, 01:23
Бразилиялық футболшы бес жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Рафинья «Барселона» ойыншысы ретінде таныстырылды

«Барселона» бразилиялық шабуылшы Рафиньямен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Бүгін «Камп Ноу» стадионында футболшының таныстырылым рәсімі мен баспасөз мәслихаты өтті.

«Мен «Барселонаны» Роналдиньо келгеннен кейін бақылай бастадым. Оның мұндағы жетістіктері менің каталониялық клубқа ауысу туралы шешіміме үлкен әсер етті. «Барселонада» ойнау арманым болды», - деді Рафинья баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін «Барселонаның» футболшы үшін 58+10 миллион еуро төлейтіні хабарланған болатын. Рафинья жаңа командасымен бес жылдық келісім-шартқа отырды.

Өткен маусымда Рафинья «Лидс» үшін 36 матчта 11 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×