«Қайрат» он ойыншымен-ақ «Атырауды» жеңіп кетті

16.07.2022, 02:02
Ойынның басында «Қайрат» қақпашысы қызыл қағаз алды.
«Қайрат» он ойыншымен-ақ «Атырауды» жеңіп кетті

«Атырау» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің екінші турында «Қайратты» қабылдады. Матч «Атыраудағы» «Мұнайшы» стадионында өтіп, 2:3 есебімен аяқталды.

Ойынның 12-минутында қарсыласын гол соғатын мүмкіндіктен айырғаны үшін «Қайрат» қақпашысы Данил Устименко алаңнан қуылды. Он бір метрлік нүктеге келген Матеус Бисси есеп ашты. Төрт минуттан кейін Андрей Ульшин «Атырау» қорғаушыларының қателігін пайдаланып, таразы басын теңестірді. Бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда Әділет Садыбеков командасын алға шығарды. 57-минутта Виктор Васин мергендігәмен көзге түсті. Кездесудің 83-минутында Матеус Бисси дубль авторы атанды.

Бұл жеңістен кейін алматылық клуб 6 ұпаймен А тобында көш бастады. Үш ұпайы бар Константин Горовенко шәкірттері екінші орында қалды.

«Атырау» – «Кайрат» – 2:3

«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов, Николай Тарасов, Матеус Бисси, Павел Барановский, Амандык Набиханов – Тодор Петрович, Домантас Антанавичюс – Дмитрий Плетнёв, Юрий Завезён, Павел Долгов;

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Сергей Кейлер (к), Маки Баньяк, Виктор Васин, Сұлтанбек Астанов – Әділет Садыбеков, Андрей Ульшин, Антон Крачковский – Гүлжігіт Алықұлов, Жоао Пауло, Хосе Канте;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×