«Астана» «Шахтерді» еш қиындықсыз жеңді

16.07.2022, 03:58
Едордалық клуб өз алаңында ірі есеппен жеңуді әдетке айналдырды
«Астана» «Шахтерді» еш қиындықсыз жеңді

«Астана» Қазақстан кубогінің екінші турында «Шахтермен» кездесті. «Астана Аренада» өткен ойын 5:2 есебімен аяқталды.

Матчтың 17-минутында Педро Эуженио есеп ашты. 30-минутта Роман Мұртазаев пенальтиден мүлт кетті. Бірақ алты минуттан кейін Эдин Рустемович айып добын тамаша орындап, таразы басын теңестірді. Бірінші тайм аяқталар тұста Рай Влут екі гол соғып, дубль авторы атанды. Екінші таймның басында Юрий Перцух мергендігімен көзге түсті. 89-минутта Евгений Кобзарь пенальтиді сәтті орындап есеп айырмасын қысқартқан еді. 92-минуттв Перцух командасының осы матчтағы бесінші голын соқты.

«Астана» – «Шахтёр» – 5:2

«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Тимур Досмағамбетов, Даниил Бескоровайный, Абзал Бейсебеков (к), Сағи Совет – Аслан Дарабаев, Юрий Перцух, Жереми Манзорро – Педро Эуженио, Марин Томасов, Рай Влут;

«Шахтёр»: Егор Цуприков (қ) – Джордже Чосич, Александр Позняк, Иван Граф, Владимир Хозин – Роджер Каньяс (к), Эдин Рустемович, Абылайхан Назымханов – Роман Мұртазаев, Тимур Чогадзе, Тохтар Жаңғылышбай;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×