КТК телеарнасынан Реал - Атлетик және Хетафе - Барселона матчтарын тамашалаңыздар!

26.11.2011, 06:13
КТК телеарнасынан Реал - Атлетик және Хетафе - Барселона матчтарын тамашалаңыздар!
Тұңғыш жеңіс! Футболдан әлем кубогының іріктеу додасы аясында Тонгоны қабылдаған америкалық Самоа құрамасы өз тарихындағы  алғашқы  жеңісін тойлады. Голландиялық бапкер Томас Ронген жаттықтыратын самоалықтар әлемдік рейтингте ең соңғы 204-орында тұралап қалғаны қашан. Дүниежүзілік футбол қауымдастығына 1998жылы мүше болған аралдықтар осы уақытқа дейін халқаралық дәрежеде 30 бәсеке өткізіп, барлығында жеңілістен көз ашпаған. Оған қоса 2001жылы Австралиядан 31:0 есебімен ойсырай жеңілген Самоа ең көп гол жіберген команда ретінде рекордттар кітабына да енген болатын. Ал халықаралық аренадағы маңдай алды жеңіске өз аттарын 44-минутта Рамино Отто жазса, үзілістен кейін  Шалома Луани тарихи жеңіске өз үлесін қосты.  Қонақтар да қарап қалмай,есеп айырмасын қысқартты, алайда бұл күні Самоа құрамасының айы оңынан туыпты. Құрметті футбол сүйер қауым!  КТК  телеарнасы футболдан Испания чемпионатынан тікелей көрсетілімдерді одан әрі жалғастырады. Сенбі күні түнгі сағат 01:00-де   Реал- Атлетико  және -  Хетаф” –Барселона   арасындағы матчтарды   тамашалай аласыздар.

Елдос Қамбалиев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×