Қазақстан арулары «Қайрат» клубымен жолдастық кездесу өткізді

26.11.2011, 06:07
Қазақстан арулары «Қайрат» клубымен жолдастық кездесу өткізді
Алматыда сұлулар доп тепті. Бүгін «Қазақстан аруы-2011» байқауының ақтық сайысына жолдама алған 20 бойжеткен жергілікті «Қайрат» клубымен футзалдан жолдастық кездесу өткізді. Арулардың барлығы спорттың бұл түрінен алғаш бақ сынағандықтан,  тайм әдеттегідей 20 емес, 10 минуттан ойналды. Десе де   кәсіпқой футболшылардың өзі алғашқы қадам  «жаман емес»деп отыр. Қыздармен доп таластыру осылайша кәсіпқой ойыншылардың көңілін бір көтергендей болды. Бірақ Еуропаның үздік төрт командасының бірі - «Қайрат» жігіттері алдағы 6 желтоқсанда өтетін «Қазақстан аруы -2011» байқауының ақтық сыны алдында сұлуларды жарақаттап алмайық   деді ме, тек аралас ойын өткізуге келіскен екен. Нәзік жандардың барлығы «футбол» дегенді естігені болмаса, бірінші рет доп теуіп тұрғанына қарамастан,алғашқы минуттарда-ақ есеп ашылды. Жауап та көп күттірген жоқ. Сонымен қорытынды есеп - 2:1; қара жейде кигендердің пайдасында. Раушан Жұмақұлова, «Тараз аруы-2011» жеңімпазы: - Футбол ойнаған күшті екен. Өмірімде бірінші рет ойнадым. Және біз бірінші орын алдық. «Қайрат» командасының жігіттері  мықты екен.

Құралай Пионер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×