Самоа футбол құрамасы елді елең еткізді

26.11.2011, 05:54
Самоа футбол құрамасы елді елең еткізді
Футбол спортындағы тарихи оқиға жайында. ФИФА рейтінгінде ең соңғы орында тұрған Америкалық Самоа құрама командасы табысты ойнауда. Күні кеше ғана әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Тонга командасын 2:1 есебімен жеңіп, сенсация жасаған олар бұл жолы Кук аралдары құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Қазір Америкалық Самоа өз тобында 4 ұпаймен алда келеді. Аталмыш құрама бүған дейін ресми ойындарының барлығында жеңіліс тапқан. 2001 жылы Австралия құрамасынан 0:31 есебімен ұтылған болатын.  

АҚШ

Жігер Әзберген
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×