Қуат Хамитов Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы нәтижелеріне қатысты пікірін білдірді.
Аралас жекпе-жекте бақ сынайтын отандасымыз жалпы осыған дейін де қазақстандық футболды сынауымен танылып қалған болатын. Кешегі Норвегияға қарсы кездесуден кейін де шет қалмапты (5:0).
«Акулалар жүзіп жүрген суда шағын балықтарға ештеңе жоқ», - деді аралас жекпе-жек шебері.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өзінің тобында Аустрия, Норвегия мен Словениядан кейін төртінші орын алды. Станислав Черчесовтың командасы алты турда қарсылас қақпасына бірде-бір гол сала алмаған. Ресейлік маман ұлттық құрамаға бас бапкер болып осы жазда тағайындалды. Енді біздің футболшылар келесі маусымда Ұлттар Лигасының С дивизионында өнер көрсетпек.
Біздің серіктес: FONBET