Куман «Барселонада» Гвардиоланың ережелерін қайта жаңғыртуда

02.09.2020, 17:09
Тактиканы да Гвардиола секілді құру керек.
Куман «Барселонада» Гвардиоланың ережелерін қайта жаңғыртуда

"Барселонаның" жаңа бас бапкері Рональд Куман Хосеп Гвардиола ұстанған ережені қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды Sport.es.

Дереккөздің айтуынша, Куман барлық клуб ойыншылары базаға жұмыс процесі басталардан бір сағат бұрын келуі керек деген ережені қалпына келтірген. Бұл ережені алғаш рет Хосеп Гвардиола каталондық клубты баптаған кезде енгізген болатын. Алайда, басқа жаттықтырушылардың келуімен бұл талап сақталмады. Енді Куман тәртіпті жақсарту үшін жаттығу кестесіне түрлі өзгерістер енгізеді.

«Барселона» өткен маусымда ешқандай кубок жеңіп алған жоқ, Испания чемпионатында екінші орын алып, ширек финалда Чемпиондар лигасынан шығып қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×