Куман «Барселонада» көргісі келетін ойыншылардың тізімін жасады

06.01.2021, 15:51
«Барселона» бірінші кезекте шабуылшы алуды ойластырады.
Куман «Барселонада» көргісі келетін ойыншылардың тізімін жасады

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман клубта көргісі келетін ойыншылардың тізімін жасағанын айтты.

"Мен әлсіз позициялар мен сол жерге сай келетін ойыншылардың тізімін жасадым, олар мені қызықтырады деп ойлаймын. Кез-келген бапкер қаңтар айындағы трансферлік терезеде команданы нығайтқысы келеді. Мұның ішінде мен де бармын, бірақ бұл клубқа байланысты", - деп келтірді Marca Куманның сөздерін.

Бұған дейін Куман "Барселонаға" көп гол салуға қабілетті шабуылшы керек деп айтқан болатын. Бұл позицияға үміткерлер тізімінде "Лион" шабуылшысы Мемфис Депай бар. Және "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Эрик Гарсиямен келісіп қойғандығы туралы да ақпарат болды.

"Барселона" Ла Лиганың турнир кестесінде 28 ұпаймен бесінші орында тұр. Команда көшбасшы "Атлетикодан" 10 ұпайға қалып келеді. Каталондық клуб бүгін, 6 қаңтарда "Атлетикпен" ойнайды. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×