Куман: «Суареске командада қалып, менің қателескенімді дәлелде дедім»

12.10.2020, 17:41
Куман клубқа келе сала Мессимен сөйлескен екен.
Куман: «Суареске командада қалып, менің қателескенімді дәлелде дедім»

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман Мадридтік "Атлетикоға" ауысқан 33 жастағы уругвайлық шабуылшы Луис Суарестің клубтан кету себептерін атады және команда капитаны Лионель Мессимен болған әңгіме туралы айтты.

"Суарес жақсы жаттығып, жақсы жұмыс істеді. Ақырында ол кету туралы шешім қабылдады, бірақ мен оған: "Егер сен "Барселонадан" қандай да бір себептермен кетпесең, онда әлі де құраманың бір бөлігі бола аласың және сен туралы қателескенімді дәлелдей аласың" дедім.

Мен оған кет деп айтпадым, бірақ клуб бізге жасару керек деп ойлады. Қазір оны командадан байқауға болады. Ансу Фати ойнап жүр, ол 17 жаста. Бізде Педри бар, 17 жаста. Рональд Араухо 21 жаста. Тринкао, ол 20 жаста. Сонымен қатар 19 жасар Серджиньо Дестті сатып алдық. Олардың барлығы - "Барселонаның" болашақ ойыншылары", - деді Куман.

Сонымен қатар, Куман Лионель Мессимен болған әңгіме жайлы айтты.

"Барселонамен" келісімшартқа отырғаннан кейін мен бірден Леоға хабарластым. Мен оның үйіне барып оның болашағы туралы сөйлестім. Ол өзінің наразылығын анық білдірді. Ақырында ол командада қалды және "мен соны істеймін" деген сәттен бастап, ол мен күткеннің бәрін жасады", - деді Куман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×