«Ювентус» Давид Алабамен келісімге келді

12.10.2020, 13:51
Туриндік клуб Алабаны келісімшарты аяқталғаннан кейін тегін алатын болады.
«Ювентус» Давид Алабамен келісімге келді

Туриндік «Ювентус» «Баварияның» 28 жастағы австриялық қорғаушысы Давид Алабамен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Calciomercato.It.

Дереккөздің хабарлауынша, «Ювентус» австриялық ойыншымен осы маусымның аяғында «Бавариямен» келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін Туриндік клубқа ауысу туралы алдын-ала келісімге қол қойған.

"Ювентус" ойыншы үшін күресте бірнеше еуропалық клубтардан, соның ішінде "Манчестер Юнайтед" пен "Манчестер Ситиден", сондай-ақ "Пари Сен-Жерменнен" озып кетті. Бұған дейін Алаба мен оның агенті Пини Захави «Бавариядан» бір маусымда 25 миллион еуро жалақымен 5 жылдық келісімшарт талап етіп отырғаны хабарланған болатын.

Давид Алаба «Баварияда» 2011 жылдан бері ойнайды. Содан бері ол осы клуб сапында 389 кездесу өткізді, 31 гол соғып, 49 нәтижелі пас берді, 16 сары қағаз алғанымен ешқашан қызыл қағаз алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×