Мемфис Депай «Лионнан» кететінін мәлімдеді

12.10.2020, 02:31
Рональд Куман ойыншыны қаңтар айында алуға тырысады.
Мемфис Депай «Лионнан» кететінін мәлімдеді

"Лионның" шабуылшысы Мемфис Депай клубтан кетуді жоспарлап жүргенін мойындады. Бұрын ойыншы "Барселонаға" ауысуға жақын болған, бірақ келісім соңғы сәтте сәтсіз аяқталды.

"Менің жасым 26-да, мен ең жақсы клубтардың маған назар аударуын күтемін. Қаңтар келеді, жағдайдың қалай болатынын көрейік. Мен "Лионнан" міндетті түрде кетемін деп отырған жоқпын, бірақ трансфер ықтималдығы өте жоғары деп айта аламын", - деді Депай.

"Лион" маусымды өте сәтсіз бастады. Бес кездесуде клуб тек бір рет қана жеңді, үш рет тең ойнады, тағы бір ойын жеңіліспен аяқталды. Депай осы бес ойында төрт гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×