Қазақстан Албаниямен тең ойнап, бір ұпайға қол жеткізді

12.10.2020, 01:45
Қазақстан құрамасы өз тобында алғашқы орында тұр.
Қазақстан Албаниямен тең ойнап, бір ұпайға қол жеткізді

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 3-туры аясында Албаниямен тең ойнады. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Албания ойынның фавориті болғанымен, бұл матчта гол соғудың сәті түспеді. Сондай-ақ бұл кездесуде Ғафуржан Сүйімбаев сары қағаз алғандықтан келесі матчқа қатыса алмайды.

Топтың фавориті болып есептелген Албаниямен ұпай бөліскен Қазақстан 4 ұпаймен бірінші орында тұр. Албания құрамасында да 4 ұпай бар, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша екінші орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×