"Қызыл-Жардың" беларусиялық шабуылшысы Евгений Березкинге РПЛ-дің бірнеше клубы қызығушылық танытуда.
Сондай-ақ, 27 жасар футболшыны ҚПЛ-дің топ-клубтары да өз қатарынан көргісі келеді дейтін ақпарат бар. Мұндай қызығушылыққа Березкиннің биылғы маусымдағы нәтижелі өнері себеп болуда. Айта кетейік, беларусиялық сұрмерген "Қызыл-Жар" сапында 5 матчта төрт гол салып, бір голдық пас шығарған. Шабуылшы Петропавлдық клубтың жейдесінде былтырдан бері өнер көрсетіп келеді. Сондай-ақ, Евгений Березкин Беларусия чемпионатының "Батэ", "Нафтан" және "Торпедо Жодино" секілді командаларында доп тепкен. Оның спорттық мансабында Латвияның "Лиепая" сияқты клубы да болды.
Біздің серіктес: FONBET