Л. Месси бір матчта екі рекорд орнатты

03.04.2013, 18:10
Л. Месси бір матчта екі рекорд орнатты
31 Наурыз 2013, 14:21 733 2 АСТАНА. 31 наурыз. BAQ.KZ - «Испаниялық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының кезекті 29 турында «Сельта» қақпасына гол соғып, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды РБК.
Infostrada-ның хабарлауынша, Месси қатарынан 19 ойында доп соққан Испания чемпионаты тарихындағы бірінші футболшы атанып отыр. Сонымен қатар ол бір маусым ішінде біріншілікке қатысқан барлық командалардың қақпаларына гол соқты. Айта кетерлік тағы бір жайт, Месси қонақ алаңында соққан доптар саны бойынша «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдудың өткен жылғы маусымда орнатқан рекордын қайталады. Енді аргентиналықтың еншісінде биылғы маусымда 43 гол бар. Криштиану Роналду 28 гол соқты. Естеріңізге салсақ Барселона - Сельта ойын тең аяқталды (2:2), алайда каталониялықтардың басты қарсыласы «Реал» да «Сарагосамен» тең түсті (1:1). Енді «Атлетико» жеңіске жетсе, екінші орынға шығатын мүмкіндігі бар
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×