
Соңғы екі жылда бірде-бір трофей жеңіп алмаған Криштиану Роналду мен “Әл-Наср” клубы арасындағы келісімшартты ұзарту мәселесі тоқтатылды. Сонымен қатар, Сауд Арабиясында шетелдік футболшыларға арналған салықтық жеңілдіктердің де мерзімі аяқталуға жақын.
2023 жылдың қаңтарында “Әл-Наср” сапына ауысқан Криштиану Роналду клубқа үлкен үмітпен келген еді. Алайда Португалиялық жұлдыз клубқа екі маусым бойы көмектескенімен, чемпиондық атақ немесе маңызды трофей алып бере алмады.
Клуб басшылығы осы жағдайларды ескере отырып, қазіргі келісімшарт аяқталған соң, оны ұзарту туралы келіссөздерді тоқтатқан.
Тағы бір маңызды себеп – Сауд Арабиясында шетелдік спортшылар үшін берілген салықтық жеңілдіктердің аяқталуы. Бұл жеңілдіктердің арқасында Роналду сияқты футболшылар айтарлықтай жоғары жалақы алып келген. Бірақ 2026 жылдан бастап бұл жеңілдіктер жойылады деген ақпарат бар. Бұл жағдай Роналдуның жалақысына тікелей әсер етуі мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET