Бірінші лиганың басты сенсациясы. «Алтай» ҚПЛ-ге шыға ала ма?

16.05.2025, 17:43

Вахид Масудов жаттықтыратын өскемендік клуб Бірінші лиганың жаңалығына айналуда.

Бірінші лиганың басты сенсациясы. «Алтай» ҚПЛ-ге шыға ала ма?
"Каспий" - "Алтай" кездесуі

«Алтай» әзірше алты турдан кейін «Каспий», «Ертістен» кейін қарағандының «Шахтерімен» бірге үздік үштікті түйіндеп тұр. Бүгін өскемендіктер «Қайраттың» жастар командасының қақпасынан жауапсыз екі доп соғып, сенімді жеңіске жетті.

Өткен турда «Алтай» тағы бір керемет жеңісті тіркеген болатын – биылғы маусымның басты фавориті саналатын «Каспийді» сырт алаңда қапы қалдырып кетті 2:1. Бұл ақтаулық ұжымның маусымдағы тұңғыш сәтсіздігі екенін де қоса кетуіміз керек. Команда қатарында әсіресе Әділет Омарбектің ойынына ерекше тоқталуға болады. Осы жаңа ғана тәмам болған матчта жартылай қорғаушы дубльдің авторы атанды («Қайрат» қақпасына 64 және 89-минуттар). 26 жастағы футболшы Бірінші лиганың 6 кездесуінде 3 рет мергендік танытқан.

Сонымен, Вахид Масудов жаттықтыратын өскемендік футболшылар қазірдің өзінде мамандардың көзіне түсуде. Командада біртұтас ойын мен айқын көшбасшы және ең бастысы бапкерлік қолтаңба байқалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×