Ла Лиганың наурыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

03.04.2021, 19:47
Бензема өткен айда үш матчқа қатысып, бес гол соқты.
Ла Лиганың наурыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема Ла Лиганың наурыз айындағы ең үздік ойыншысы атанды.

Өткен айда француз футболшысы Испания чемпионатының үш матчына қатысып, 5 гол соқты. 33 жастағы шабуылшы "Атлетикомен" (1:1) болған ойында бір гол соқты, ал "Эльчемен" (2:1) және "Сельтамен" (3:1) өткен матчтарда дубль жасады.

Бензема дауыс беру кезінде Лионель Месси ("Барселона"), Ян Облак ("Атлетико"), Юсеф Эн-Несири ("Севилья"), Даниэль Васс ("Валенсия"), Борха Иглесиас ("Бетис") және Жерар Мореноны ("Вильярреал") артқа тастады.

Карим Бензема осы маусымда Ла Лигада 24 ойын өткізіп, 17 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×