Александр Мокин: «Ұлттық құрамадан кеткенім туралы ақпарат ойдан құрастырылған»

04.04.2021, 01:01
Мокин бұл жаңалыққа қазақша жауап берді.
Александр Мокин: «Ұлттық құрамадан кеткенім туралы ақпарат ойдан құрастырылған»

Александр Мокин Aladop.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтамағанын хабарлады. Бір қызығы, Мокин соңғы уақытта әлеуметтік желіде тарап жүрген ақпаратқа қазақша жауап берді.

"Егер мен керек болсам, барамын да ойнаймын! Жаксы қақпашылар жетерлік! Ойнайтынымды бапкер шешеді. Бар ойым ертеңгі "Астанамен" болатын ойын мен кешкі жаттығуда. Құрамадан кеткенім туралы ақпаратты ойдан кұрастырған. Мен ондай дүние айтпадым. Қолдап жатқан жанкүйерлерге мың алғыс", - деді Мокин.

Айта кетейік, "Тобыл" Премьер-лиганың үшінші туры аясында "Астана" клубын қабылдайды. Матч 5 сәуір күні 19:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×