«Астана» испаниялық қорғаушымен келісім-шартқа отырмақ

04.04.2021, 01:51
Футболшы қазір еркін агент болып табылады.
«Астана» испаниялық қорғаушымен келісім-шартқа отырмақ

26 жастағы қорғаушы Энрике Лопес Фернандес жақын арада "Астана" ойыншысы атанады, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

"Кадете" деген лақап атпен танымал футболшы елордалық клубқа Мексика чемпионатынан ауыспақ. Испаниялық футболшы соңғы 3 жылын сонда өткізді: "Атлетико Сан Луис" пен "Керетаро" клубтарының намысын қорғады.

Мадридтің тумасы бұған дейін испаниялық "Унион Адавре" командасында ойнаған, сол жақ қорғаушы позициясында өнер көрсетеді, бірақ қажет болған жағдайда орталықта да ойнай алады. Transfermarkt.de порталы футболшыны 700 мың еуроға бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×