Ламин Ямаль Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктен кейін мәлімдеме жасады

07.05.2025, 12:00

Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы "Интерге" қарсы жауапты матчта жеңіліске ұшырағаннан кейін өзінің пікірін білдірді.

Ламин Ямаль Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктен кейін мәлімдеме жасады

"Біз бұл клубты қайтадан ең биікке шығармайынша, тоқтамаймыз. Біз бар күшімізді салдық, бірақ күмәнданбаңыздар — біз міндетті түрде қайта ораламыз. Бұл клуб өз орнында болуы керек – ең биікте!

Жартылай финалдың екі матчында Ламин тек бір ғана нәтижелі әрекет тіркеді. Испанияла өткен ойында ол командасының алғашқы голын соғып, камбэктің бастамасын жасаған еді.

"Мен уәдемді орындаймын, Чемпиондар кубогын Барселонаға әкелемін. Бұл мақсат орындалмайынша, біз тоқтамаймыз." – деді ол.

Биылғы маусымда Ямаль барлық турнирлерде 51 матчқа қатысып, 15 гол соқты және 24 нәтижелі пас берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×