Рамазан Оразов ҚПЛ-ге қайта ма? Даниядағы ойыны ақыры жүрмеген секілді

07.05.2025, 13:40

Қазақстан құрамасының және Данияның «Силькеборг» клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Ақтөбе» жейдесін киюі мүмкін.

Рамазан Оразов ҚПЛ-ге қайта ма? Даниядағы ойыны ақыры жүрмеген секілді
Рама

Бұл туралы «Серый CARDINAL» Telegram-арнасы хабарлады.

«Біздің дереккөздеріміз бір ай бұрын-ақ Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы ақтөбелік клубқа оралғысы келетінін хабарлаған болатын. Оның «Силькеборгтегі» ойын уақытына көңілі толмайды. Футболшы алаңға жиі шыққысы келеді. Қазіргі уақытта бұл трансфердің жазда жүзеге асуына ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпыз», – делінген телеграм-арнасының жазбасында. 

Естеріңізде болса, Рамазан Оразов даниялық клуб сапын былтыр толықтырған. Футболшы мен команда келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×