
Максим Самородов
Қазақстан құрамасының футболшысы Максим Самородовтың «Ахматтағы» айлығы белгілі болды.
Бұл туралы vesti.kz мәлімдеген болатын.
«Маусымның басы қазақстандық жартылай қорғаушы үшін табысты өтуде. 22-жастағы футболшы 5 гол салып, 3 ассисттің авторы атанды. «Ахматтың» 2025-жылға арналған жалақы қоры 12,6 миллион еуроны құраған. Грозныйлықтар сапындағы футболшылар арасында Максим айлық мөлшері жөнінен сегізінші орында - 610,9 мың еуро. Келісімшарт бойынша айына шамамен 50,9 мың еуро деп есептеуге болады (29,8 миллион теңге), - делінген.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы РПЛ-дің өткен турында "ЦСКА» қақпасына гол салып, командасына бір ұпай сыйлады 1:1.
Біздің серіктес: FONBET