
"Барселонаның" жас жұлдызы Ламин Ямал жартылай финалдың екі матчында да "Интерге" қарсы керемет ойын көрсеткенімен жеңіске жете алмады. Ойыннан кейін Ламине Ямалды "Интер" шабуылшысы Маркус Тюрам келеке етті.
Қызығы, Француз футболшысы матчтан кейін алаңда Ламин Ямалға жанашырлық танытып, оны құшақтап жұбатқан еді. Бірақ киіну бөлмесіне жеткен соң, Тюрамның бұл жанашырлығы ұзаққа созылмады.
Ол Instagram-дағы сторисінде Ламин Ямалды жұбатып тұрған суретін жариялап, оған күлкілі эможилермен бірге "Миссияда жүрміз” деп жазған. Бұл сөз тіркесін бұған дейін Ямал матч алдында өз парақшасында қолданған болатын. Алайда, Тюрам бұл постын көп ұзамай өшіріп тастады.
Бірінші матчтан кейін берген сұхбатында Тюрам Ламин Ямалдың ойынын мақтағанымен, оны әлемдегі ең үздік ойыншы емес деді. Ол бұл атаққа Килиан Мбаппе мен Усман Дембелені лайық көретінін айтқан.
Біздің серіктес: FONBET