Артетаның шешімі “Арсеналдың” чемпиондықтан қағылуына себеп болды

07.05.2025, 18:40

“Арсеналдың” бас бапкері Микель Артета осы маусымда жасаған бір қате шешіміне өкініш білдіріп, бұл командасының сәтсіздігіне әсер еткенін айтты.

Артетаның шешімі “Арсеналдың” чемпиондықтан қағылуына себеп болды

АПЛ-ла соңғы екі маусым қатарынан екінші орын алған “Арсенал” жанкүйерлері бұл жолы жеңіске жетеміз деп үміттенген. Алайда бәрі керісінше болды. Өткен аптада “Ливерпуль” чемпион атанып, қалған төрт турдың еш мәні қалмады.

Артета бұған дейін маусым басында “Арсеналдың” пайдасына шешілмеген төрешілер шешіміне ашық наразылық білдірген болатын. Бірақ жарақаттар да олардың жоспарларын бұзған. Артета ең өкінішті сәт ретінде Габриэл Жезустің жарақатын атады.

Бразилиялық шабуылшы қаңтарда “Манчестер Юнайтедке” қарсы Англия Кубогындағы пенальти сериясында тізесінен ауыр жарақат алып, маусымды аяқтауға мәжбүр болды. Артета сол кезде Жезусті ертерек алмастырмағанына қатты өкінеді.

Men in Blazers подкастында ол: 

"Сол ойында Жезусді алмастыратын мүмкіндігім болғанда бәрі басқаша болар ма еді. Барлығын уақытында жасау керек еді.” – деп өкінішін білдірді.

Жарақат алғанға дейін Жезус қатарынан алты ойында гол соғып жүр еді. Бірақ содан бері ол алаңға шыққан жоқ және тек 2025 жылдың соңында ғана қайта оралады деп күтілуде.

Жезус жарақат алғаннан кейін бір ай өткен соң, команданың тағы бір шабуылшысы Кай Хаверц те жарақат алды. Ол Дубайдағы дайындық кезінде сіңірін созып алған. Қаңтар айындағы трансфер кезінде “Арсенал” жаңа шабуылшы алмағандықтан, Артета шабуыл шебіне Микель Мериноны алға шығаруға мәжбүр болды. Ол бұл позицияда алты гол соғып, өз рөлін жақсы атқаруда.

Дегенмен Жезус пен Хаверцсіз “Арсеналдың” шабуылы әлсіреп, гол соғу бұрынғыдан қиынға соқты. Өткен аптада олар “ПСЖ”-ға қарсы 1:0 есебімен жеңіліп, шабуылда әлсіздік байқатты.

Бүгін түнде Парижде жауапты матч өтеді. Бұл “Зеңбірекшілердің” 19 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шығуға соңғы мүмкіндігі. Бірақ “Арсенал” тағы да шабуыл шебінде негізгі ойыншыларынан айырылған күйде өнер көрсетуге мәжбүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×