"Лационың" бірнеше ойыншысы коронавирус жұқтырды, олар сынақтан 30 қазанда өткен болатын. Вирус жұқтырғандардың аты-жөндері әлі айтылған жоқ, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
31 қазанда ойыншылар қайта сынақтан өтеді, оның нәтижелері бойынша Италия чемпионатының 6-турындағы «Торино» командасымен болатын кездесуге өтінім жасалады. Ол 1 қарашаға жоспарланған. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.
Клубта COVID-19 диагнозы қойылған адамдар оқшауланды және клуб медициналық персоналдың бақылауымен карантиндік мерзімді сақтайтынын айтты.
Біздің серіктес: FONBET