«Легияның» бас бапкері «Ақтөбемен» бәсеке жайлы: біз әлі де маусымға дайындық алдындамыз

04.07.2025, 10:38

«Легияның» бас бапкері Эдвард Иордэнеску Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбеге» қарсы қос кездесу туралы ойын айтты.

«Легияның» бас бапкері «Ақтөбемен» бәсеке жайлы: біз әлі де маусымға дайындық алдындамыз
«Ақтөбе» футболшылары

«Біз олардың ойынын көрдік, талдау жасадық. Белгілі бір қортындымыз да бар, алайда уақытынан бұрын көпшілік алдында қортынды жасамай-ақ қойғанымыз дұрыс. Бұл команда маусымның нағыз қызған шағында, ойын ырғағында жүр және олардың бізден артықшылығы да осында. Өйткені, біз әлі де маусымға дайындық алдындамыз. Бұл деген сөз олар бізден көрі жоғары қарқында ойнайды. Қос кездесу оңай болады деп күтпеймін. Мұның төте жолы жоқ, біз моральдік тұрғыда дайын болуымыз керек. Бұл жайт барлығына түсінікті болуы тиіс, бізге, футболшылар мен команданың айналасындағыларға», - деді Э. Иордэнеску «Sports.kz» порталына берген сұқбатында. 

«Легия» мен «Ақтөбе» арасындағы бірінші матч 11-шілдеде Польшада болады. Жауапты ойын 17-шілдеде Ақтөбеде өтеді. Қай жеңгені екінші кезеңге шығады. Ал ұтылған команда Конференциялар лигасының екінші кезеңінде бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×