«Қайрат» - «Тұран» кездесуіне болжам

04.07.2025, 09:22

«Қайрат» түркістандық клубтан айласын асыратын болса, ал жексенбіде «Астана» Талдықорғанда ұпай жоғалтса, алматылық клуб көш бастап кетуі ықтимал.

«Қайрат» - «Тұран» кездесуіне болжам
«Тұран» футболшылары жаттығуда

Турнирлік маңызы жағынан бүгінгі бәсеке ҚПЛ чемпионы үшін ерекше. Сондықтан, Рафаэль Уразбахтин алматылық футболшыларға аямай қамшы салатыны анық. «Қайрат» оның үстіне жақсы серияда келе жатыр - 4 матчтың үшеуін жеңіспен аяқтап, бір кездесуде тең ойнады (Жетісумен 2:2). 

Чемпиондар Лигасының қарсаңында алматылық ұжым өзінің жақсы қырын көрсетіп, маусымдағы ең маңызды матчтарға жақсы бабында жетуі тиіс. Сол үшін бүгін кешкі 20:00-де алаң иелері тек қана жеңіс үшін ойнайды деп болжаймыз. 

Түркістандық клуб керісінше сәтсіздікке ұрынып келеді - соңғы алты ойында бірде-бір ұпай еншілей алған жоқ. Ал өткен турда тіптен «Ақтөбеден» ойсырай ұтылып, гол соға алмай кеткен болатын (0:3). Бас бапкері мен негізгі құрамының футболшылары кетіп, берекесі қашқан «Тұранға» алдағы уақытта өте қиын болатыны түсінікті. Маусымды керемет бастаған түркістандықтар мына бетімен ҚПЛ-дегі орнын сақтап қалу үшін күресетін секілді. 

Бұл матчтың жалпы тоталы 3-тен кем болады деп болжаймыз. Fonbet.kz бұған 1.73 коэффициент тарту етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×