
Португалия ұлттық құрамасы мен Ағылшын Премьер лигасының "Ливерпуль" клубының шабуылшысы Диогу Жота Испанияда көз жұмғаны туралы қайғылы хабарлар тарауда. Оқиғаға қатысты соңғы мәліметтер төмендегідей.
Футболшы көлік апаты салдарынан қаза тапқан. Оқиға кезінде онымен бірге інісі Андре Силва да көлікте отырған.
Апат бейсенбіге қараған түні, Самора провинциясындағы A-52 автожолының 65-шақырымында орын алған.
Футболшы отырған Lamborghini маркалы көлік басқа бір автокөлікті озбақ болғанда, кенеттен дөңгелегі жарылып, жолдан шығып кеткен. Көлік аударылып, лезде өртеніп кеткен. Салдарынан көліктегі адамдар тірі қалмаған.
Құтқарушылар тым кеш жеткендіктен, Диогу Жота мен Андре Силваны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Диогу Жота бір ай бұрын ғана "Ливерпуль” сапында Премьер лига жеңімпазы атанып, одан кейін Португалия құрамасымен Ұлттар лигасын ұтып алған еді. Ал 10 күн бұрын ғана үш баласының анасы, сүйіктісі Рута Кардосомен үйлену тойын өткізген болатын.
Ол "Ливерпуль" сапында 182 ойын өткізіп, 65 гол соққан еді.
Біздің серіктес: FONBET