«Ордабасы» клубы дұрыс таңдау жасай алмай ма?

03.07.2025, 23:17

Қыста шымкенттік клуб ганалық 24 жастағы Рашид Абубакарды сатып алғанда, жанкүйерлер бір үміт, бір күдікпен қарады. Әрине, 40 мың еуроға Молдованың «Спарта Селеметінде» небәрі 8 матч өткізген ойыншыны алу батыл қадам. Бірақ бұл батылдық нәтиже берді ме?

«Ордабасы» клубы дұрыс таңдау жасай алмай ма?

Жалпы шымкенттік команда көп футболшыларды тегін өз қатарына қосады. Статистикаға назар аударсақ та, сол үрдіс байқалады. Клубтың биылғы трансферлерінде олар Рашид Абубакар (40 мың еуро) мен «Шерифтен» Кристиан Товарды 100 мың еуроға жалға алған. Бұл өзіндік рекорд. Себебі, шымкенттіктер кейінгі 6 жылда Рубен Бриджидо мен Шахбоз Умаровты сатып алуға небәрі 100 мың еуро жұмсаған еді.

Міне сол ганалық футболшы өткен 2 жылда 13 матч қана өткізгенін еске алсақ, бастапқыда бұл трансфердің нәтиже беретіндігі күмән тудырған. Иә, солай болды да... Бірінші айналымда 11 матчқа шыққан Рашид Абубакар келісім-шартты үзіп, «Атырауға» тегін кетті…

Жазғы күшейтулер қағаз жүзінде жақсы естіледі. Бірақ бұл толықтырулар үмітті ақтай ма екен?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×