"Лейпциг" қорғаушысы: Біз емес "Реал" ұшуы керек еді

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
07.03.2024, 10:11

"РБ Лейпциг" қорғаушысы Бенджамин Хенрикс "Реалға" қарсы өткен ЧЛ-ның 1/8 финалдық кезеңінің қарымта кездесуі жайлы (1:1) пікірін білдірді. Айта кетейік, командалардың бірінші матчы 1:0 есебімен Мадридтік клубтың жеңісімен аяқталған. Осылайша жарыстың ширек финалына "Реал" шығып отыр. "РБ Лейпциг" қорғаушысы Бенджамин Хенрикс "Реалға" қарсы өткен ЧЛ-ның 1/8 финалдық кезеңінің қарымта кездесуі жайлы (1:1) пікірін білдірді. Айта кетейік, командалардың бірінші матчы 1:0 есебімен Мадридтік клубтың жеңісімен аяқталған. Осылайша жарыстың ширек финалына "Реал" шығып отыр.

"Лейпциг" қорғаушысы: Біз емес "Реал" ұшуы керек еді

"180 минутты қосып есептегенде, біздің мүмкіндіктеріміздің көбірек болғаны анық. Бүгін олардың қалай гол салып кеткені ақылға қонымсыз. Біз кездесуде болған мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Бірінші таймды өте тамаша өткіздік. Алайда, бірінші матчтағы және қарымта ойындағы еңбегіміздің жемісін жеуіміз керек еді. Осы кезеңнен ұшпауымыз тиіс еді,- дейді" РБ Лейпциг" қорғаушысы.

Чемпиондар лигасының биылғы финалы маусымның бірінде Лондонның "Уэмбли" стадионында болады. Турнирдің былтырғы жеңімпазы "Манчестер Сити".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
×