"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасында тағы бір рекордты бұзды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
07.03.2024, 10:31

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасында қатарынан 10 матчты ұтқан үшінші команда. Кеше "қалалықтар" турнирдің 1/8 финалының қарымта кездесуінде "Копенгагеннен" басым түсті. "Этихад" алаңында өткен матчта Гвардиоланың командасы 3:1 есебімен (екі ойын қортындысында 6:2) жеңіс тойын тойлап, келесі кезеңге аяқ басты.

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасында тағы бір рекордты бұзды

Осылайша былтырғы жеңімпаз ЧЛ-да қатарынан 10 ойынды жеңіспен аяқтаған үштіктің қатарына кіріп отыр. "Манчестер Ситиге" дейін мұндай жетістікке "Реал" (2015 жылдың ақпанына дейін 10 ойынды ұтқан) мен "Бавария" (2020 жылдың қарашасына дейін 15 ойынды жеңген) жеткен болатын.    

Естеріңізге сала кетейік, «Манчестер Сити» биылғы турнирдің топтық кезеңінде барлық 6 матчты ұтып, бірінші орын алған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×