Әлемдік рейтинг: Қазақстанның үздік клубы жарияланды

02.06.2025, 20:25

УЕФА (Еуропа футбол қауымдастықтары одағы) өзінің ресми сайтында клубтардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Әлемдік рейтинг: Қазақстанның үздік клубы жарияланды

Қазақстан Премьер-Лигасының екі клубы үздік 200 команда қатарына енді. Олардың ішінде ең жоғарғы орынды елордалық «Астана» иеленді. Команда 12.000 рейтингтік ұпаймен 134-орынға тұрақтаған. Ал «Тобыл» (Қостанай) 8.000 ұпаймен 183-орыннан көрінді.

ТОП-200 тізімінен тыс қалған қазақстандық клубтар:

«Қайрат» — 268-орын (5.500 ұпай)

«Ордабасы» — 306-орын (3.600 ұпай)

«Ақтөбе» — 352-орын (3.000 ұпай)

Қызықты дерек: Бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген «Шахтер» (376-орын, 2.500 ұпай) Премьер-Лига өкілдері «Қызылжар» (387-орын, 2.225 ұпай) мен «Қайсардан» (388-орын, 2.225 ұпай) жоғары тұр.

2025/2026 маусымындағы еурокубок бәсекелеріне Қазақстан атынан келесі клубтар қатысады:

«Қайрат» — Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі

«Ақтөбе» — Еуропа лигасының іріктеу кезеңі

«Астана» мен «Ордабасы» — Конференциялар лигасының іріктеу кезеңі

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×