Зинедин Зидан қомақты ұсыныстан бас тартты

02.06.2025, 19:01

Мадридтік «Реалдың» экс-бас бапкері Зинедин Зидан Сауд Арабиядан түскен аса ірі ұсынысты қабылдамады.

Зинедин Зидан қомақты ұсыныстан бас тартты

Ақпарат көздерінің мәліметінше, 52 жастағы маман «Әл-Хиляль» клубынан бір жылдық келісімшартқа қол қоюдан бас тартқан. Келісімшарттың құны — маусымына 100 миллион еуро болған.

Зидан ұсынысты қабылдамағаннан кейін, «Әл-Хиляль» бас бапкері қызметіне негізгі үміткер ретінде қазіргі уақытта «Интер» клубын жаттықтырып жүрген Симоне Индзаги қарастырылып отыр.

Айта кетейік, Зидан өзінің бүкіл бапкерлік мансабын «Реал» клубының жүйесінде өткізді. Ол 2021 жылы мадридтік клубтың бас бапкері қызметінен кеткеннен бері жұмыссыз жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×