«Лестер Сити» - Англия Суперкубогінің иегері

08.08.2021, 11:59
Бұл трофейді иелену үшін «Лестерге» бір ғана гол жеткілікті болды.
«Лестер Сити» - Англия Суперкубогінің иегері

"Лестер Сити" Англия Суперкубогі үшін болған матчта "Манчестер Ситиді" минималды есеппен жеңді. Кездесу Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Матчқа Пол Тирни бастаған төрешілер тобы қызмет етті.

Кездесудің 86-минутында жалғыз голды "Лестер" шабуылшысы Келечи Ихеаначо пенальтиден соқты.

Осылайша, "Лестер Сити" өз тарихында екінші рет Англия Суперкубогін жеңіп алды. Алғаш рет бұл трофейді 1971 жылы иеленген еді. Ал "Манчестер Сити" аталмыш кубокті алты рет жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×