Владислав Васильев тікелей бұрыштама добынан гол соқты

08.08.2021, 15:30
Бұл оның Өзбекстан чемпионатындағы алғашқы голы
Владислав Васильев тікелей бұрыштама добынан гол соқты

Қазақстандық футболшы Владислав Васильев ойнайтын "Андижан" Өзбекстан чемпионатының 14-ші турында "Қызылқұммен" тең ойнады (1:1).

Қазақстан құрамасының 24 жастағы жартылай қорғаушысы Владислав Васильев алаңға негізгі құрамда шықты. Және 42-минутта тікелей бұрыштама добынан гол соқты. Бұл оның Өзбекстан чемпионатындағы алғашқы голы.


Естеріңізге сала кетейік, Васильев тамыз айының басынан бері "Андижан" клубының намысын қорғауда.

Дәл қазір "Андижан" 9 ұпаймен Өзбекстан чемпионатының турнирлік кестесінде соңғы орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×