Владимир Мұханов: «Ойыншылардың есінде алдыңғы бапкерлердің тактикасы сақталған»

08.08.2021, 16:17
Мұханов кеше «Ақтөбе» сапындағы алғашқы ойынын өткізді.
Владимир Мұханов: «Ойыншылардың есінде алдыңғы бапкерлердің тактикасы сақталған»

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Мұханов «Ақжайықпен» өткен матчқа қатысты пікір білдірді:

- Менің командаға жақында келгенімді ескерсек, бүгінгі ойында біз іс жүзінде қарсыластарымыздан кем түспедік деп айта аламын. Бұған дейін мен команданың Қызылордадағы ойынын бір рет көрдім. Әрине, ойыншылардың есінде алдыңғы бапкерлердің тактикасы сақталған, яғни мен келгенге дейін жиналған көптеген мәліметтер бар. Мен төртінші бапкермін. Осыған байланысты ақпаратты қабылдау баяу жүруде. Бірақ біз ештеңеден бас тартпаймыз. Біз соңына дейін ойнаймыз. Иә, шабуыл шебіндегі ойын әлі қалыптаспағандықтан мүмкіндіктер аз болған шығар.

Менің ойымша, біз қорғаныстағы қателіктерімізді түзетіп және шабуылдағы әрекеттерді күшейте отырып, алға қарай жылжимыз деп ойлаймын.

Біз бүгін жаңа схемада бірінші рет ойнадық. Жаттығуда біз оны сынап көрдік, бірақ бұл әлі жеткіліксіз. Екіншіден, бізде әлі жақсы ойнайтын таза шабуылшы жоқ. Самородов пен Федин орталық аймақта гол соғатын мүмкіндіктерді дәл табатын шабуылшылар емес. Трансферлік терезенің соңғы күнінде біз Зеньковичті шақырдық, оның өзі біздің командада ойнағысы келетінін айтты. Біз оны номиналды шабуылшы ретінде алып келдік. Бірақ оған физикалық формасын жақсарту қажет.

Команда психология бойынша жұмыс істеуі керек. Біз шабуылшының позициясын нығайта отырып, бір немесе екі схемада неғұрлым ұйымдасқан түрде ойнай аламыз. Бүгін бізде жарақат алған Мукам мен Думбия болмады. Бұл біз үшін айтарлықтай шығын. Олар тез сауығып, біз қойған талаптарды орындайды деп сенемін. Мен болашаққа оптимизммен қараймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×