Левандовски алаяқтық жасады деп айыпталуда

19.09.2020, 14:24
Кеше «Бавария» «Шалькені» 8:0 есебімен жеңді. Левандовски бір голмен ерекшеленді.
Левандовски алаяқтық жасады деп айыпталуда

«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски алаяқтық жасады деп айыпталды, деп хабарлайды AS. Шабуылшының бұрынғы агенті Цезари Кухарский ойыншыға қарсы сотқа шағым түсірді, ол 9 миллион еуро көлемінде өтемақы талап етті.

Дереккөздің айтуынша, Левандовски RL Management-тен қаражатты заңсыз алып, оны жеке мақсаттарына пайдаланған. Левандовски сот ісін негізсіз деп атап, өзінің бұрынғы агентін өтірік айтты деп айыптауда. Сондай-ақ, бұл сома ойыншының Польшадағы шотына, мүмкін, Германияның салық органдарын айналып өтіп, түскенін көрсететін құжаттар бар деп хабарланды.

Поляк шабуылшысы командаға 2014 жылы "Боруссия Дортмундтан" еркін агент ретінде қосылды. «Бавария» сапында 289 матч өткізіп, 246 гол соғып, 57 нәтижелі пас берген. 2019/2020 маусымында шабуылшы тарихи жетістікке қол жеткізді - ол клуб қатысқан барлық турнирлердің бомбардирі атанды, сонымен қатар требль жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×