Гвардиола алғаш рет Мессидің сәтсіз трансфері туралы пікір білдірді

19.09.2020, 14:11
Гвардиола бір жыл күтсе аңсаған арманына да жетіп қалар.
Гвардиола алғаш рет Мессидің сәтсіз трансфері туралы пікір білдірді

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің айналасындағы жағдайға түсініктеме берді.

«Маған ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Лео мұны өте жақсы түсіндірді, менің алып-қосарым жоқ. Ол мен сүйетін «Барселона» клубының футболшысы», - деп келтіреді Marca Гвардиоланың сөзін.

Еске салайық, өткен маусымның соңында Месси келісімшарттағы тегін кетуге мүмкіндік беретін опцияны қолданып, клубын ауыстырғысы келетіндігі туралы "Барселонаны" хабардар еткен болатын. Каталониялық клубтың басшылығы аргентиналық футболшыны бұл нұсқа енді жарамсыз деп босатудан бас тартты. "Барселона" Леоны тек 700 миллион еуро өтемақы төлеген командаға жіберуге дайын болды.

33 жастағы шабуылшы «Барселонамен» соттасқысы келмеді. Аргентиналықты алуға басты үміткер - "Манчестер Сити" болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×