«Ливерпуль» португалиялық шабуылшыны қатарға қоспақ

19.09.2020, 14:01
«Вулверхэмптон» командасында португалиялықтар азаюда.
«Ливерпуль» португалиялық шабуылшыны қатарға қоспақ

«Ливерпуль» «Вулверхэмптон» клубының жартылай қорғаушысы Диогу Жотаны сатып алу туралы келісімді аяқтауға жақын, деп хабарлады Sky Sports.

Мерсисайдтықтар португалиялық жартылай қорғаушы үшін 35 миллион фунт (38,3 миллион еуро) төлейді. Мәміле сенбіде-ақ аяқталуы мүмкін. Келісімге «Ливерпульдің» қорғаушысы Ки-Ян Хуверді қосып, одан бөлек 10 миллион фунт стерлинг төлеуі де мүмкін екен.

Жота 17 қыркүйек, бейсенбі күні Англия лигасының кубогы аясында «Сток Ситиге» қарсы (0:1) матчтың алдында «Вулверхэмптон» клубының орналасқан жерінен кетіп қалған.

Кеше, 18 қыркүйекте, «Ливерпуль» Тьяго Алькантараның трансфері туралы хабарлады. Испания құрамасы мен «Бавария» командасының жартылай қорғаушысы «Ливерпульмен» ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×