Левандовски Бундеслиганың рекордын орнатты

18.01.2021, 03:40
Роберт 15 матчта 21 гол соғып тастады.
Левандовски Бундеслиганың рекордын орнатты

"Бавария" "Альянц-Арена" стадионында Бундеслиганың 16-туры аясында "Фрайбургты" 2:1 есебімен жеңді.

7-минутта Роберт Левандовски Томас Мюллердің пасынан кейін гол соғып, алаң иелерін алға шығарды. 62-минутта Нильс Петерсен есепті теңестірді, бірақ ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда Мюллер өз командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша Левандовски Бундеслиганың ағымдағы маусымында 21-ші голын соқты. Бұл көрсеткішке жету үшін поляк шабуылшысына 15 матч қажет болды. Левандовски Германия чемпионатында маусымның алғашқы айналымында 21 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

"Бавария" 16 ойында 36 ұпай жинады. Мюнхендік клуб Бундеслиганың турнирлік кестесінде бірінші орынға тұрақтады. "Фрайбург" (23 ұпай) сегізінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×