«Ордабасы» қақпашысы командадан кетуді жоспарлап отыр

18.01.2021, 03:50
Плотников өткен маусымда 4 кездесуде қақпасын «құрғақ» ұстады
«Ордабасы» қақпашысы командадан кетуді жоспарлап отыр

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ордабасының» тәжірибелі қақпашысы Владимир Плотников қысқы трансферлік терезеде командасын ауыстыруды жоспарлап отыр.

Премьер-лиганың өткен маусымында қақпашы 12 матчқа қатысып, 13 гол жіберіп алды. Плотниковтың шымкенттік командамен келісімшарт мерзімі аяқталды. 34 жастағы қақпашы бұған дейін «Қайрат» сапында ойнаған, бірақ 2019 жылғы маусымның соңында алматылық клубтан кеткен болатын.

Өткен жылы Плотников бірнеше рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған еді. Жалпы ол ұлттық құрама сапында екі матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×