Левандовски Бундеслиганың үздік ойыншысы атанды

27.06.2020, 06:30
Мұндай қарқынмен «Алтын бутсы» түгілі «Алтын Допқа» таласа алады.
Левандовски Бундеслиганың үздік ойыншысы атанды

«Бавария» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски Германия чемпионатының осы маусымының ең үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Бундеслига твиттерінде.

Бундеслиганың 30 матчында Левандовски 33 голдың авторы атанды (пенальтиден төртеу) және турнирдің үздік бомбардирлері тізімінде көш бастап тұр. Сонымен қатар, поляк ойыншысы "Алтын Бутсы" үшін таласта да бірінші орында келеді.

Еске салайық, «Бавария» мерзімінен бұрын Германия чемпионы атанды. Финалдық, 34-ші турда «Бавария» «Вольфсбургпен» кездеседі. Матч ертең, 27 маусымда өтеді және Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Левандовски "Баварияға" 2014 жылдың жазында Дортмундтық "Боруссиядан" еркін агент ретінде ауысқан. Ойыншының Мюнхендік клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×